20 қазанда Қарағанды облысының Жәйрем кентінде жаңа өндіріс іске қосылды.
Заманауи полиметалл байыту зауытының қуаттылығы жылына 5 миллион тоннаға жуық кен өңдеуге мүмкіндік береді.
Ауқымды жоба 2014 жылы «Жәйрем КБК» АҚ-ты (бұдан әрі - ЖКБК) сатып алған және өндіріске екінші тыныс берген «Казцинк» компаниясының арқасында іске асырылды. 2018 жылы «Жәйрем полиметалдары» жобасы аясында жаңа байыту фабрикасының құрылысы басталды.
Фабрика құрылысында 2500-ге жуық адам жұмыс істеді. Мұнда ең заманауи технологиялар қолданылды. Бұл - цифрландыру дәрежесі жоғары, толық автоматтандырылған жаңа карьер және инновациялық жабдық. Қосымша 500-ге жуық жұмыс орны ашылды.
ЖКБК Қазақстандағы мырыш пен қорғасын концентраттарының ең ірі өндірушісі болады деп күтілуде.
Akorda.kz