«Казцинк» компаниясы қатарынан төртінші жыл «Iзгi жүрек» («Доброе сердце») сыйлықақысын ұсынып отыр. Оның лауреаттары – жыл ішінде өзге жандарды құтқарып қалу үшін өз өмірлерін қатерге тікке шығысқазақстандықтар. Үміткерлер халықтық дауыс беру арқылы таңдалады. Осылайша, мыңдаған адам қарапайым азаматтардың батыл әрекеттері жайлы біліп, заманымыздың батырларын таңдауға қатысады.
Биыл әлеуметтік желілерді пайдаланушылар таңдау кезеңі кезінде ШҚО-ның 13 ержүрек тұрғынының кандидатурасын ұсынды. Ақтық кезеңде болашақ жеңімпаздар үшін 13 мыңнан астам адам дауыс беріп, мына жеңімпаздарды анықтады:
Диас Ағзамов және Азамат Ибрайханов – полиция қызметкерлері, көшені патрульдеу кезінде өртті байқап, өртеніп жатқан ғимараттан төрт адамды құтқарып шығарды.
Нурбек Токушев – ҚР қарулы күштерінің зейнеткері, көршісін өрт қоршаған үйден аман алып шықты.
Артём Боровиков - студент, мұздай Ертіс өзеніне секіріп, суға кетіп бара жатқан әйелді құтқарып қалды.
Барлық жеңімпаздар Металлуртер күніне арналған онлайн-концерт кезінде көптен күткен мүсіншелер мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Қатысушылар бей-жай қарамағаны үшін компанияға алғыс білдіріп, мереке қарсаңында барлық металлургтер мен кеншілерге табыс тіледі.