«Казцинк» Металлургтер күні батырларға сыйлықтар табыс етті «Казцинк» Металлургтер күні батырларға сыйлықтар табыс етті

«Казцинк салтанатты іс-шара кезінде «Ізгі жүрек» сыйлығы аясында жеңіске жеткен ең батыл шығысқазақстандықтарға сыйлықтар табыс етті.

Компания 2018 жылы бекіткен сыйлық басқа адамдарды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тіккен ержүрек шығысқазақстандықтарды көтермелеуге арналған. Үш апта бойы арнайы сайтта үздік үштікке дауыс берілді.

Жеңімпаздар спорт сарайының үлкен сахнасында ескерткіш мүсіндер мен ақшалай сыйлықтар (1 млн теңге) алды.

Ризабек Қанапиянов пен Манарбек Ауғанбаев өткен жылдың жазында жанып жатқан үйдегі ер адамды құтқарып қалды.

Әскери қызметкер Тілек Құмарбеков суға батып бара жатқан баланы құтқарды.

Қайрат Шерепанов қаңтар айында үш бірдей жас баланы оттың арасынан алып шықты.

Қазцинктіктерге марапаттар тапсырылған соң сахнада танымал орындаушылар өнер көрсетті.