«Казцинк» Көкшетаудағы мектептің құрылысын қаржыландырады «Казцинк» Көкшетаудағы мектептің құрылысын қаржыландырады

2023 жылғы қазан аяының соңында Көкшетау қаласының әкімдігі, «Казцинк» кен металлургиялық компаниясы және оның еншілес кәсіпорны «Altyntau Kokshetau» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Бұл құжат тараптардың облыс орталығында жаңа мектеп салу туралы міндеттемелерін бекітеді.

900 орынға арналған жаңа білім беру объектісі Әуезов көшесіндегі ескі №10 мектептің орнында пайда болмақ. Талаптарға сай келмейтін ескі ғимаратты бұзуды қала әкімдігі жүзеге асырады. Жаңа мектептің құрылысын «Казцинк» қаржыландырады, ал жұмыстар жүргізілетін жерде үдерістің ұйымдастырылуын «Altyntau Kokshetau» қамтамасыз етеді.