Казцинктіктер мен олардың отбасылары жоғары марапаттарға ие болды Казцинктіктер мен олардың отбасылары жоғары марапаттарға ие болды

Компания қызметкерлерінің ішінен екі бірдей жанұя отбасы құндылықтарына арналған байқауларда жеңіске жетті.

«Казцинк» Риддер металлургиялық кешенінен Аушиновтар әулеті «Еңбек Жолы» республикалық байқауында екінші орынды иеленді. Әулеттің негізін қалаушы - Мәлік Аушинов өзінің еңбек жолын 1973 жылы Мырыш заводының электролиз цехында бастаған. Содан бері бірнеше ұрпақ өкілдері - 10 туысы өз өмірлерін металлургиямен байланыстырған. Отбасының жалпы еңбек өтілі - 181 жыл.

Өскемендік Ізғұттыновтар жанұясы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жүлдесіне ие болды. Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер ұлықталған іс-шараға Шығыс Қазақстанның барлық қалаларының өкілдері қатысты.

Бауыржан Сансызбайұлы Өскемен металлургиялық кешенінде жұмыс істейді. Жары Раушан Төлегенқызымен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. Балаларды оқытуда Ізғұттыновтар «баланы емес, өзіңді тәрбиеле» деген басты қағиданы басшылыққа алады. Отбасы ұлттық дәстүрлерді де белсенді түрде ұстанады. Ізғұттыновтар әулетінің аға буын өкілдері қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, сондай-ақ ана тілін балаларға жеткізуді парыз санайды.