«Казцинка» қызметкері «WorldSkills Shygys – 2020» жеңімпазы болды «Казцинка» қызметкері «WorldSkills Shygys – 2020» жеңімпазы болды

«Казцинктің» машинажасау бөлімшесі – «Казцинкмаштың» жас қызметкері – Савелий Чечеткин беделді кәсіби жарыстың жеңімпазы болды.

Ол «WorldSkills Shygys – 2020» V өңірлік чемпионатының (техникалық мамандықтар бойынша 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы арнайы іс-шара) «Сандық бағдарламамен басқарылатын білдектерде атқарылатын токарлық жұмыстар» аталымында бірінші орынды жеңіп алды. Савелий сайысқа қатысу үшін Компанияда жұмыс істей жүріп, бір жыл ішінде білдектерге арналған бағдарламалық жасақтауды меңгеріп алды. Аталған чемпионатта ол токарлық жұмыстардың барлық қыр-сырын үздік нәтижемен бағдарламалай білді.

Савелий дайындықтан тәлімгері – «Казцинкмаштың» инновациялық технологиялар жөніндегі бюросының бастығы Роман Скудаловтың жетекшілігімен өтті.

Компания мәні үлкен жеңістің құрметіне талантты қызметкер мен оның тәлімгерін ақшалай сыйлықпен марапаттады.