«Казцинк» Өскеменде COVID-19 диагностикасына арналған зертхана ашуға көмектесті «Казцинк» Өскеменде COVID-19 диагностикасына арналған зертхана ашуға көмектесті

10 қарашада Өскемендегі Амбулаторлық орталықта COVID-19 диагностикасына арналған ПТР (полимеразды тізбекті реакция) зертханасының ашылуы болып өтті. Өңірдің аса ірі кен-металлургия компаниясы зерттеу мекемесін толық жарақтандыруға 42 млн теңге қаражат бөлді. Жеткізілген зертханада 30-дан астам заманауи медициналық жабдық пен жиһаз бар.

ПТР коронавирусты диагностикалаудың неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Жаңа зертхана әр өскемендік диагностиканы дер кезінде алу үшін қаланың сондай мекемелеріне түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.