«Казцинк» Риддер ЖЭО-ны қалпына келтіруге көмектесуді жалғастыруда «Казцинк» Риддер ЖЭО-ны қалпына келтіруге көмектесуді жалғастыруда

«Казцинктің» кен-металлургиялық бөлімшелері орналасқан Риддер қаласындағы ЖЭО-ны қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 19 қаңтарда жергілікті ЖЭО-да тағы бір төтенше жағдай орын алды – көмір жеткізетін транспортерлік таспа жанды.

«Казцинктің» Риддер металлургиялық кешені оқиғадан кейін бірден қазандық агрегаттарының жұмысын қатты отынды пайдаланбай қолдауға арналған мазут салынған 16 вагонды жөнелтті.

«Казцинкмаш» компаниясының машина жасау бөлімшесі транспортерлік таспаны қалпына келтіруге қажетті тетіктерді шұғыл түрде жасауға кірісті. Кәсіпорын мамандары өте қысқа мерзімде 390 конвейер роликтерін, сондай-ақ механизмге арналған басқа да бөлшектерді жобалап, жасап шығарды.

Бұған қосымша, «Казцинк» қазір ЖЭО-да ТЖ салдарын жою үшін жұмыс істеп жатқан адамдарға арнаулы киімдер берді.

FF