Өскеменде төрт жыл бұрын «Казцинк» ұйымдастырған «Iзгi жүрек» («Доброе сердце») сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Сыйлықтың лауреаттары – жыл ішінде өзге жандарды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тіккен шығысқазақстандықтар. Үміткерлер жалпы дауыс беру арқылы таңдалады.
Әлеуметтік желілердің қолданушылары іріктеу кезеңінде ШҚО-дан көптеген үміткерлерді ұсынды. Үш апта бойы izgi-jurek.kz сайтында үздік үштікті таңдау үшін дауыс берілді, ең лайықты үміткерлерді таңдауға 10 мыңнан астам адам қатысты.
Сыйлық жеңімпаздары Өскемендегі Металлург күніне арналған іс-шарада үлкен сахнада мүсіншелер мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Халықтың таңдауы бойынша жеңімпаз атанғандар:
Ең көп дауыс жинаған Дәурен Джамбаев. Ол екі адамды өрттен аман алып қалған.
Өскемендік жас жігіт Виктор Землянухин, ол өзенге ағып кете жаздаған кішкентай қызды құтқарып қалды.
Полиция қызметкерлері Мират Иданов пен Бекжан Алтынқан өзенге батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды.
Ерлік иелеріне жүлделерді Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова табыстады.