«Казцинк» металлург күні салтанаты кезінде ержүрек жандарға сыйлықақы тапсырды «Казцинк» металлург күні салтанаты кезінде ержүрек жандарға сыйлықақы тапсырды

30.07.2024

«Казцинк» металлург күні салтанаты кезінде ең ержүрек шығысқазақстандықтарға сыйлықақы тапсырды. 2018 жылы компания тағайындаған «Ізгі жүрек» сыйлықақысы қауіпті жағдайға тап болған басқалардың өмірі үшін тәуекелге барған ержүрек шығысқазақстандықтарды марапаттауға арналған. Төрт апта бойы арнайы сайтта көшбасшылар үштігі үшін дауыс беру ұйымдастырылды.

Жеңімпаздар Б.Александров атындағы спорт сарайында мүсіншелер мен ақшалай сыйлыққа (1 млн теңгеден) ие болды.

«Iзгi жүрек» сыйлықақысы Андрей Смольниковке тапсырылды. Ол әйел мен екі баланы құтқару үшін өртеніп жатқан үйге кірді.

Екінші награда әскери қызметші Денис Шеметке берілді. Ол жаттығу кезінде байқаусызда әскери гранатаны қолынан түсіріп алған сарбазды өз денесімен жауып, құтқарып қалды. Офицердің өзі жарықшақ жарақатын алды.

Сондай-ақ арнайы мүсіншеге Еламан Нұқыушев та ие болды. ТЖД-нің қызметкері Бұқтырма су қоймасында суға батып бара жатқан 13-тегі жасөспірімді құтқарып қалды.

Батырларға сыйлықақыны әйгілі спортшы, Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова тапсырды.