Хирургиялық және травматологиялық бөлімшелердің операциялық блогына жалпы құны 67 млн теңге (130 000$) болатын жаңа жабдықтың екі жиынтығы орнатылды. Шетелдік мүлік операциялардың сапасын айтарлықтай жақсартады, дәрігерлердің уақыты мен күшін үнемдейді, сондай-ақ науқастардың оңалу кезеңін қысқартады.
Хирургиялық бөлімшеге арналған жаңа үстелдің кеңейтілген функционалы: қолмен және қашықтан басқару, сондай-ақ оған аз инвазиялық операциялар өткізу үшін түрлі кешендерді қосу мүмкіндігі бар. Техника 15 жылдан астам қызмет еткен жабдықты алмастырды.
Травматология бөлімшесіне ортопедиялық қондырмасы бар арнаулы жиынтық жеткізілді, ол заманауи операциялардың барлық спектрін жасауға мүмкіндік береді. Реттелетін қуатты шамдалдар авариялық қуат көзімен қамтамасыз етілген. Барлық жабдықтар «Казцинк» компаниясының қаражатына алынды.
Жаңа жабдықта жылына 3 500-ге жуық операция жасалады.