«Казцинк» шағын және орта бизнесті дамытуға қалай көмектесетіндігі туралы айтты «Казцинк» шағын және орта бизнесті дамытуға қалай көмектесетіндігі туралы айтты

Астанада «Қазақстандық қамту 2.0» Халықаралық Форумы болып өтті. Оған еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смаилов қатысты. Аса ірі кен-металлургия компаниялары ШОБ-пен ынтымақтастық, ал қазақстандық серіктестер индустрия алыптарымен жұмыс мүмкіндіктері туралы ойларын ортаға салды. Қатысушылар, сондай-ақ, әрі қарай даму перспективаларын талқылады.

«Казцинк» өзі жұмыс істей бастаған кезден-ақ тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алулардағы отандық үлесті қалай арттыру керектігі тұрғысында жұмыстар жүргізіп келеді. Компанияда 10 жылдан астам уақыттан бері арнайы қазақстандық қамту Кеңсесі жұмыс істейді. Содан бергі кезеңде жергілікті серіктестерден сатып алу сомасы 3,5 есе артты. Соңғы бес жылда 5 000-ға тарта қазақстандық компания 275 000-нан астам қызметкерді жұмыспен қамтып, «Казцинктің» серіктесіне айналды. Осы 5 000 кәсіпорынның жартысына жуығы – шағын және орта бизнес өкілдері.

«Казцинк» Форум аясында моноқалаларда (ірі өндірісі бар елді мекендерде) ШОБ белдеуін құру жөніндегі неғұрлым көкейтесті мәселені талқыға салды, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту және бизнес-жобаларға арналған «Серiктес» конкурсы тәрізді жаңа бастамалар жөніндегі тәжірибесін бөлісті.