«Казцинк» қазақстандық жеткізушілер форумын өткізді «Казцинк» қазақстандық жеткізушілер форумын өткізді

09.06.2024

Өскеменде шағын және орта бизнеспен ынтымақтастықты дамыту жөнінде Форум болып өтті. «Казцинк» өз серіктестерімен алдағы ынтымақтастық жоспарларын бөлісті, заңнамалық нормаларда айқындалуы мүмкін жаңалықтар туралы әңгімеледі, сондай-ақ жалпы сомасы 5 млрд.тг-ден астам болатын бірқатар офтейк-келіімшарттарға қол қойды.

ШҚО-ның аса ірі кен-металлургия компаниясы шағын және орта бизнеспен ынтымақтастықты қарқынды дамытып келеді. Жылына қазақстандық кәсіпорындармен 10 000 астам келісімшарттар жасасылады. Соңғы 5 жылда 5 000-ға жуық отандық компания «Казцинкке» әріптес болды. Тек 2023 жылы ғана жергілікті жеткізушілерден жалпы сомасы 60 млрд тг-ге жуық тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алынды (республикада жоқ түрлерінен басқа). Бұл шамамен олардың 80%-ын құрайды.

Кеңес аясында компания өкілдері қолданыстағы комплаенс-мәдениет, серіктестерге арналған жұмыс нормалары және заңнама талаптарын орындау туралы айтты.