«Казцинк» Шығыс Қазақстан облысының және Риддер қаласының әкімдіктерімен (жергілікті билік органдары) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат кеншілер қаласында жаңа мектеп салу жөніндегі тараптардың міндеттемелерін бекітеді.
Өңір басшылығы бүгінде моноқалаларды дамытуға аса көңіл бөлуде. Инфрақұрылымдық және білім беру жобалары - ең өзекті жобалардың қатарында. Кеншілер мен металлургтер жаңа мектеп салу идеясын қолдады.
Жобаның егжей-тегжейлері алдағы уақытта белгілі болады. Риддер қаласының әкімдігі болашақ 600 орынға арналған мектептің орналасатын жерін анықтайды, сонымен қатар құрылысқа қажетті коммуникациялар мен рұқсаттарды қамтамасыз етеді. Білім беру объектісінің құрылысын «Казцинк» қаржыландырады.