«Казцинк» бірінші өңіраралық Экологиялық бастамалар форумына қатысты «Казцинк» бірінші өңіраралық Экологиялық бастамалар форумына қатысты

Өскеменде «БІЗДІҢ АСПАН» атты бірінші өңіраралық Экологиялық бастамалар форумы өтіп, оған бейінді мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен экологиялық белсенділер жиналды. Барлық қатысушылар үшін іс-шара қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу және тәжірибе бөлісу мүмкіндігі болды.

Диалогтық алаңшаны Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ECOJER қазақстандық қауымдастығы ұйымдастырды.

Іс-шараның басты ерекшелігі – азаматтардың табиғат қорғау саласындағы түрлі бастамаларын қарау. Қатысушылар өз пікірлерін айтып, атмосфералық ауаның жай-күйі, газдану, өнеркәсіптік қалалардың жайлы әрі экологиялық таза ортасы, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу перспективалары туралы проблемалық мәселелерді талқылай алды. Ауаға, топыраққа және су ресурстарына жүктемені азайтуға көмектесетін ондаған жасыл жобалар ұсынылды.

ECOJER бүгінгі таңда өңірлерде белсенділерден бастап, даму стратегияларында тұрақты тәжірибелерді енгізетін бизнес-компанияларға дейін экологиялық-жауапты қоғамдастықтардың көбейгенін атап өтті.

Іс-шара нәтижесінде қатысушылардың ұсыныстары мемлекеттік ұйымдар мен ірі өнеркәсіптік компаниялардың өкілдерінің қарауына жолданады.