«Казцинк» жыл сайынғы «Басты жеңістеріміз – балаларға!» акциясына қатысты «Казцинк» жыл сайынғы «Басты жеңістеріміз – балаларға!» акциясына қатысты

Жаңа Жыл қарсаңында «Торпедо» хоккей клубының ойыншылары мен «Казцинктің» өкілдері облыстық Ана мен бала орталығына (АБО) барып, Жаңа жылды емдеу мекемесінде қарсы алатын балаларға сыйлықтар табыстады. Қала тұрғындары желтоқсан айы бойы сүйікті хоккей командасының матчтарына ойыншықтар әкелді.

«Казцинк» жыл сайын «Торпедо» спорт клубымен бірлесе «Басты жеңістеріміз – балаларға!» акциясын өткізеді. Жанкүйерлер хоккей командасының желтоқсан айында өтетін жергілікті ойындарына ойыншықтарды әкеліп, соңғы сиренадан кейін оларды мұз айдынына лақтырады. «Казцинк» оларды тәтті жиынтықтармен толықтырады. Жаңа жыл қарсаңында торпедолықтар мерекені ауруханада өткізуге мәжбүр кішкентай пациенттерге сыйлықтарды табыстайды. Акцияға бұл жолы да өскемендік танымал блогер Александра Осипова қатысты. Александра мен оның жазылушылары акцияға қатарынан төртінші жыл атсалысып отыр.