FFҰлытау облысындағы кентте «Казцинктің» қолдауымен көппәтерлі үйлердің шатырлары мен жертөлелерін жөндеу бойынша ауқымды әлеуметтік жоба аяқталды.
Жәйремде компанияның басымдыққа ие индустриялық жобасына айналған жаңа кен байыту комбинаты орналасқан. «Казцинк» өзінің аса маңызды міндеттерінің бірін тұрғындарының көпшілігі өндірісте еңбек ететін жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсарту деп белгілеген.
Көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстары соңғы үш жыл ішінде (2021 жылдан бері) кен-металлургия компаниясы және облыс әкімдігі арасындағы үшжақты келісім аясында жүргізілді.
Бүгінгі күні 16 көпқабатты үйдің барлығының шатырлары мен жертөле жайлары жөнделді.
Сонымен қатар «Казцинк» кент үшін қосымша арнаулы техника сатып алды. Кенттің автопаркі өзітүсіргішпен және 10 кубтық сутасығышен толықты.
«Казцинк» 2016 жылдан бері Жәйремнің әлеуметтік жобаларына 5 млрд теңгеден астам инвестиция жасады.