Астанада елімізде болған көктемгі су тасқыны салдарларын жоюға үлкен үлес қосқан қатардағы қазақстандықтар мен ірі компаниялар өкілдерін марапаттау салтанаты болып өтті.
Сондай награданы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Казцинктің» Бас директоры Жанат Жанботин де алды.
Астанадағы кездесу кезінде мемлекет басшысы су тасқыны республиканың жаңа тарихындағы неғұрлым ауқымды апаттардың бірі болғандығын атап өтті. Бүкіл еліміз бойынша 120 мыңнан астам адам көшірілді, 19 мыңнан астам тұрғын үй тұруға жарамсыз болып қалды.
Компания су тасқыны салдарларын жоюға және бұзылған үйлерді қалпына келтіруге 6,5 млрд теңгеден астам қаражат аударды.