17.12.2024
Автожол Ақмола облысы әкімдігі (облыстық әкімшілік) мен «Казцинк» арасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынды. Көкшетау маңында компанияның ірі алтын өндіру бөлімшесі – Altyntau Kokshetau орналасқан.
Жаңа магистральда екі жақты жарықтандыру орнатылған, жаяужолдар мен велосипед жолы салынған, бағдаршамдармен және су бұру науаларымен жабдықталған. Қопа көлінің жағалауын абаттандыру жалғасуда. Жұмыстарды 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.