«Казцинк» ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін өткізілген ат спорты бойынша жарысқа қолдау көрсетті «Казцинк» ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін өткізілген ат спорты бойынша жарысқа қолдау көрсетті

4.08.2024

Өскемендегі «Ақ Тай» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қоры көптеген жылдар бойы «Казцинктің» арқасында Қазақстанда иппотерапия және адаптивті ат спорты бағытын дамытып келеді. ШҚО-да ерекше қажеттіліктері бар спортшылардың ең үлкен командасы –20 адам жаттығуда. Олар халықаралық жарыстарда республикамыздың намысын қорғап, өзге елдерде өтетін жарыстардан медальдар мен кубоктар жеңіп алып жүр.

Жақында Өскеменде Ат спорты федерациясының кубогына арналған республикалық жарыс аяқталды, оған республикамыздың алты аймағынан келген шабандоздар қатысты. Мұндай іс-шара облыс орталығында «Казцинктің» қолдауымен сегізінші рет өткізіліп отыр.

Зияткерлік дамуында кемшілігі бар қазақстандық шабандоздар үшін Кубок елімізде өткізілетін жалғыз спорттық іс-шара болып табылады, ал тірек-қимыл аппараты бұзылған шабандоздар үшін — бұл жіктеуден өтудің бірегей мүмкіндігі.

«Ақ Тайдың» алдында ендігі кезекте Өскеменде өтетін Паралимпиадалық мәнерлеп жүруден Қазақстан Республикасының чемпионаты тұр.