«Казцинк» әйелдер форумын өткізуде қолдау көрсетті «Казцинк» әйелдер форумын өткізуде қолдау көрсетті

17.03.2025

Астанада «ASMAR» ҚР әйелдер кәсіпкерлігінің ұлттық қауымдастығы ұйымдастырған «Болашақтың іргетасын қалаушы: еңбек саласындағы әйелдер» конференциясы өтті. «Казцинк» аталған іс-шараның демеушісі болды.

Қатысушылар ерлерге тән деп саналатын салаларда нәзік жандылардың жаңа мүмкіндіктерін талқылап, жетістіктерінің тарихымен бөлісті. «Казцинк» қызметкері Марина Кустова реагенттерді мөлшерлеушіден бастап технологқа дейінгі еңбек жолын қалай еңсергенін баяндады. Ол кен байытудың инновациялық әдістерін енгізді және жас әріптестерімен өз тәжірибесін белсенді бөліседі.