Өскеменде олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтті. Жарыс онымен аттас жеңіл атлетика орталығында өтті.
Біріншілікке World Athletics Continental Tour деңгейі берілген болатын, бұл – спортшылар әлемдік рейтингте ұпай жинай алатын ең жоғары деңгейдегі жарыстар.
Іс-шара 2015 жылдан бері өткізіліп келеді, осымен тоғызыншысы болды. Биыл оған Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Армения, Грузия, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан сияқты сегіз елден 85 талантты атлет қатысты.
Жарыс бағдарламасында ерлер мен әйелдерге арналған бірнеше дисциплина болды: түрлі қашықтықтарға жүгіру, секіру, және эстафеталар. Спортшылар жыл сайын керемет нәтижелер көрсетіп, турнир рекордтарын жаңартады.
Ұйымдастыру шығындарын, сондай-ақ турнирдің жүлде қорын «Казцинк» компаниясы көтерді. Дисциплина көшбасшылары, ақшалай ынталандырумен қатар, биыл Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының іріктеуіне қатысуға мүмкіндік алды.