«Казцинк» өнеркәсіптегі әйелдер туралы форумға қолдау көрсетті «Казцинк» өнеркәсіптегі әйелдер туралы форумға қолдау көрсетті

10.4.2024

«Өнеркәсіптегі әйелдер: жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар» конференциясы Қазақстан астанасында өтті. Оны ASMAR әйелдер кәсіпкерлігі қауымдастығы ұйымдастырды. «Казцинк» аталған іс-шараны өткізуге қолдау көрсетті.

Форум аясында сарапшылар, өнеркәсіп және қоғамдық бірлестіктер өкілдері ірі бизнестегі гендерлік алшақтықты қысқарту тәсілдерін талқылады және өз тәжірибелерін ортаға салды.

«Казцинк» өкілдері өздерінде өткен іс-шара – «Қайратты қыздар» форум-конкурсы аясында өз қызметкерлерінің жетістіктерін бөлісті. Сол тұғырнамада кәсіпорын қыз-келіншектері компанияны дамытудың түрлі нышандарын ұсынды.

Аталған бастама конференцияда үлкен қолдауға ие болды. Соңында барлық қонақтарға «Казцинк» конкурсының соған ұқсас төлбелгілері сияқты «Қайратты қыздар» төсбелгілер тапсырылды.