«Казцинк» дамуында ерекшелік бар жандардың "Өмір сүреміз!" фестиваліне қолдау көрсетті «Казцинк» дамуында ерекшелік бар жандардың "Өмір сүреміз!" фестиваліне қолдау көрсетті

FF17.04.2024

Өскеменде үш күн бойы дамуында ерекшелік бар жандар қатысқан іс-шара болып өтті. Фестиваль бағдарламасында интерактивті алаңдар, жұмыстар көрмесі, ересектер мен балаларға арналған спектакльдер мен шеберлік сабақтары көрсетілді.

Іс-шара аясында Қазақстанда инклюзивті ортаны дамыту жөнінде сұхбат үстелі ұйымдастырылды. Фестивальды 200-ден астам қатысушы және 3 000 көрермен тамашалады. Ауқымды бастама гала-концертпен қорытындыланды. Оны «ST.ART» әлеуметтік-мәдени қоры ұйымдастырды. «Казцинк» идеяға қолдау көрсетті.