hero-bg

«Казцинк» оқушыларға арналған IT білім жобасына қолдау көрсетті «Казцинк» оқушыларға арналған IT білім жобасына қолдау көрсетті

Өскемендегі Шығыс шағынауданында оқушылардың бағдарламалау мен роботтехникасын оқып-үйрену мүмкіндігі пайда болды. Жергілікті кітапханада «Жас IT маманы» жобасы басталды.

Курс бір жылға жоспарланған және онда бағдарламалауды, 3D-модельдеуді, 3D-басып шығаруды және роботтехниканы үйренуге болады. Тегін сабақтар қазақ және орыс тілдерінде жас бойынша шағын топтарда өткізіледі.

Оқушылар конструктор бөлшектерінен қарапайым роботтар үлгілерін құрастырады, содан кейін олардың әрекетін бағдарламалайды. Балалар сайттарға арналған кодтар және ұялы қосымшалар жазуды, компьютерлік ойындар жасауды үйренеді. Жергілікті кітапханада көкейтесті мамандықты меңгеру үшін бүтін бір IT-зертхана жарақталған. Онда неғұрлым заманауи жабдықтар орнатылған. Орталықтандырылған кітапхана осындай иігілікті жобаның бастамашысы және ұйымдастырушысы болды, ал «Казцинк» техникалар сатып алуға көмектесті.