Компания Семей орманы резерватында болған ірі өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарына материалдық көмек жолдайды.
2023 жылғы шілде айында Абай облысындағы (Қазақстанның шығысы) қорық орасан өртке оранғанын естеріңізге саламыз. Алдын-ала нұсқа бойынша Семей орманы Жаңа Шүлбі филиалының он төрт қызметкері өртті жедел сөндіру үшін өз учаскелеріне шыққан. Олармен байланыс үзілген. Іздестіру жұмыстары арқылы қаза тапқан орман шаруашылығы жұмыскерлерінің мәйіттері табылды.
«Казцинк» олардың отбасыларына бір миллион теңгеден материалдық көмек беруге шешім қабылдады.