«Казцинк» өңір тұрғындарын арнаулы құрылғылармен қамтамасыз етті «Казцинк» өңір тұрғындарын арнаулы құрылғылармен қамтамасыз етті

«Казцинк» бірнеше жылдан бері Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, Шығыс Қазақстан облысындағы пешпен жылытылатын үйлерде тұратын тұрғындарға көмектесіп келеді. Бұл үйлерге иісті газ датчиктері орнатылады.

Аспаптарды, ең алдымен, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары: аз қамтылған көп балалы отбасылар, жалғыз басты қарт азаматтар және физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар алады. Бес жыл ішінде өңірімізде барлығы 13 мыңнан астам осындай датчиктер орнатылса, оның 10 мыңнан астамына облыс тұрғындары «Казцинктің» көмегімен ие болды.

2023 жылы жылыту маусымына 2 200-ге жуық иісті газ датчигі бөлінді.