2011 жылы "Казцинктің" тарихындағы ең маңызды жобалардың бірі - Өскемендегі Мыс заводының құрылысы іске асырылды. 2021 жылғы ақпан айында жаңа өнеркәсіп өзінің алғашқы мерейтойын - 10-миллионыншы катод мыс жаймасының шығарылуын атап өтті.
24 ақпанда мыс электролизі цехында «қызыл металдың» мерейтойлық топтамасы шығарылды. Арнаулы кран салтанатты музыкамен 10-миллионыншы катодты әкелді.
Шара соңында заводтың үздік жұмыскерлері марапатталды.
Мыс заводы 2011 жылы ашылған. Құрылыс төрт жыл жүргізілді, ал объектінің құрылуына әлемнің 10 мемлекетінен 5 000-нан астам маман атсалысты. Бүгінгі күні бұл Австралия, Германия, Жапония, Австрия және Швеция жетекші компанияларының соңғы технологиялары қолданылатын барынша заманауи кәсіпорын