27.06.2024
Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі мен кен-металлургия компаниясы өзара меморандумға қол қойды, соған сәйкес «Казцинк» бөлген 1,5 млрд теңге 2024 жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын болады.
Меморандум аясында облыстық аураханаға, Ана мен бала орталығына, Риддер және Алтай қалаларының медициналық және білім беру мекемелеріне жаңа жабдықтар сатып алуға жұмсалмақ. Сондай-ақ «Казцинк» бөлген қаржыға Серебрянск қаласында су құбырларын жаңарту, Алтайдағы мәдениет үйін жарақтандыру және балалар мен спорт алаңдарын жабдықтау жоспарланған.
ШҚО әкімдігі компания көмегін қолдай отыра, меморандумға сәйкес, Өскемен, Риддер, Алтай және Серебрянск қалаларындағы жолдар мен аулаларды жөндеуге, әлеуметтік объектілерді абаттандыруға бюджеттен қаржат бөлмек.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы шілдеде «Казцинк» Шығыс Қазақстанда «Арман қала» («Город мечты») атты акция ұйымдастырып, өңір тұрғындары сол акция бойынша өздерінің әлеуметтік, мәдени, білім беру, медициналық және инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға ұсынған болатын. Шығысқазақстандықтар әлеуметтік желіде дауыс бергеннен кейін неғұрлым қызықты идеялар таңдалып алынған. Металлургтер облыстық әкімдікпен бірлесіп, жақын арада жүзеге асыруға болатын жобаларды таңдап алды.