«Нәзік жандылар неліктен «Казцинкті» таңдайды» ақпараттық кампаниясы үздік HR-жоба болып танылды «Нәзік жандылар неліктен «Казцинкті» таңдайды» ақпараттық кампаниясы үздік HR-жоба болып танылды

Кампания аясында «Казцинктің» кәсіби және жеке дамуында жетістіктерге жеткен қызметкер әйелдерінің тарихы баяндалады. Тақырыптық бейнероликтер кең ауқымды қамту үшін әлеуметтік желілерде жарияланады.

Бейнероликтер металлургия, жынысына қарамастан, кез келген адам табысқа жете алатын сала екенін көрсетуге көмектеседі. Іс жүзінде «Казцинктің» қызметкерлерінің төрттен бір бөлігі дерлік — әйелдер. Олардың әрқайсысы өндірісте өз әлеуетін іске асыру мүмкіндігіне ие.

Қызметкер әйелдер туралы «Нәзік жандылар неліктен «Казцинкті» таңдайды» бейнероликтер сериясы «PR-room» Қазақстанның PR-мамандары қауымдастығының нұсқасы бойынша үздік HR-жоба болып танылды.

Жоба аясында 20-ға жуық бейнематериал жарияланды, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.