Металлургтер мен кеншілердің жалақысы қалай өзгереді? Металлургтер мен кеншілердің жалақысы қалай өзгереді?

Еліміздегі ең ірі тау-кен металлургия компанияларының бірі «Казцинк» журналистердің жалақы деңгейін көтеру туралы сауалына жауап берді. Кәсіпорындарда жалақы өсіп қана қоймай, еңбекақы төлеу жүйесі де өзгереді.

Сұрақтарға «Казцинктің» бас директоры Александр Хмелев жауап берді:

– Компанияның кәсіподақ комитеті бізге жалақыны көбейту мүмкіндігін қарастыру туралы бастамамен өткен жылы келді. Сол кезде өзіміздің HR-қызметімізбен бірге компанияда еңбекке ақы төлеудің барлық жүйесінің сандық моделін талдау және жасауда ауқымды жұмыс атқарылды. Әр түрлі сценарийлер қарастырылып, жалақыны есептеу жүйесін өзгерту туралы кәсіподақпен бірлескен шешім қабылданды. Осылайша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап компанияда қызметкерлердің жалақысы өзгерді.

– Еңбекақы қаншаға өседі?

– Жалақының жалпы қоры 25-30%-ға ұлғайды. Алайда, бұл – әр қызметкердің жалақысы дәл осындай пропорцияда артады дегенді білдірмейді. Жоғарыда айтылғандай, категориялар, сыныптылық, разрядтылық, өндірістік персоналдың төлем түрлері ескерілген жүйенің өзі қайта қаралды. Бұл ретте біз ең жалақы деңгейі төмен болған қызметкерлерге көбірек қосылуын ескеруге тырыстық. Өндірістің әр қызметкерінің жалақысы өскендігін атап өткім келеді.