Конституция күні қарсаңында «Казцинктің» бас директоры Александр Хмелев «Өскемен қаласының құрметті азаматы» ерекше белгісімен марапатталды. Бұл жоғары атақпен құттықтау және басшыға марапатты табыстау үшін облыс орталығының әкімі Жақсылық Омар келді.
– Бұл қаланың өміріне тікелей атсалып, қала тұрғандарына көмек көрсетіп, олардың әл-ауқатын жақсартуға, Өскеменнің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан компания басшысы үшін лайықты марапат, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық ОМАР.
Александр Леонидовичтің тікелей қатысуымен компанияның әлеуметтік жобаларын іске асыру бойынша маңызды шешімдер қабылданады. Олардың ішінде ауруханалар салу мен жөндеу, мектептерді жасақтау, спорттық және мәдени объектілер тұрғызу, балалар үйлері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттарды қолдау бар.
- Мен үшін «Құрметті азамат» атағы – ең алдымен, казцинктіктер командасымен мақтаныш сезімі, - дейді «Казцинк» компаниясының бас директоры Александр ХМЕЛЕВ. – Облыс орталығының дамуына үлес қосу – барлығымыздың ортақ ісіміз. Мен компаниямыздың барша жұмыскерлерін белсенділік танытқандары және Өскемен тұрғындарына көрсеткен қамқорлықтары үшін алғыс білдіремін.
Компания ұжымы Александр Леонидовичті «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атағын алуымен шын жүректен құттықтайды!