Өскемендегі орталықтандырылған кітапханада бірегей жоба іске қосылды. Мұнда қалыпты көру мүмкіндігінен айырылған жандар кино тамашалай алады.
Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін тифлокомментарийлер бейнелерді жандандыруға көмектеседі, бұл - экранда болып жатқан іс-әрекеттің арнаулы аудио сипаттамасы. Кейіпкерлердің қандай екені, олар қайда және не істеп жүргендері егжей-тегжейлі сипатталады. Кідірістер кезінде арнаулы ескертпелер естіледі.
Ерекше идея «Казцинктің» арқасында іске асты. Металлургтер кітапхананы зағип жандарға арналған сапалы аудиожүйемен және көру қабілеті нашар жандарға арналған заманауи экранмен жабдықтады.
Жобаны құрушылар балалар мен ересектер үшін арнаулы киноклуб, сонымен қатар кинофестивальдер, фильмдер бойынша ойындар және басқа да көптеген іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.