Цифрлы технологиялар «Казцинк» болашағына жарқын жол ашады Цифрлы технологиялар «Казцинк» болашағына жарқын жол ашады

«Казцинктің» Көкшетау қаласындағы бөлімшесі – «Altyntau Kokshetau» АҚ-ында карьердегі кен қорлары көлемін анықтауға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама қолданылуда. Заманауи технологиялар кәсіпорын болашағына жарқын жол ашуда.
Altyntau Kokshetau карьеріндегі жобалау және күнтізбелік жоспарлау үдерістерін жетілдіру үшін OPMS бағдарламалық жасақтамасы енгізілді. Оның алдын ала нәтижелері бұл жаңалықтың барлық бөлімшелер бойынша жедел, егжей-тегжейлі және дәл жоспарлауға мүмкіндік беретіндігін көрсетіп отыр.
OPMS үш модульден тұрады: геологиялық ақпаратпен жұмыс, карьер өзі төккіш көліктерінің жолдарын көрсету, кен жұмыстарын күнтізбелік жоспарлау. Деректер барлық бөлімдерге ұсынылады: байыту фабрикасына – кеннің сапасы мен мөлшері, өндіріс мамандарына – кезең бойынша кен жұмыстары, экономистерге – шығын мен таза пайданы есептеу.