hero-bg

Риддер металлургия кешені Риддер металлургия кешені

Кешенге қажетті негізгі шикізат – байыту фабрикасының концентраттары болып табылады.

Шығарылатын өнім –жоғары маркалы тауарлы мырыш, мырыш-алюминий қорытпалары және аз мөлшерде күкірт қышқылы.

Атмосфералық сілтісіздендіру қондырғысы кешенге кез келген шикізатты, оның ішінде минералдық құрамы күрделі кендерді қайтадан өңдеуге мүмкіндік береді.

Жаңа технология Германиядан келген мамандармен бірлесіп жасалып, өндіріске енгізілді.

Мұндай әдістің басты артықшылықтарының бірі – қалдық қалмайтындығы және таза су шығынын барынша азайтуға мүмкіндік беретін айналымды сумен жабдықтау.

2017 жылы РМК тауарлы мырыш шығару жөнінен абсолютті рекордқа қол жеткізді, 116 мың тонна мырыш өндірілді.