Риддер тау-кен байыту кешені Риддер тау-кен байыту кешені

Риддер тау-кен байыту кешеніне мыналар кіреді:

ДОЛИННЫЙ КЕНІШІ

Орналасуы: Риддер қаласы щекарасынан шығысқа қарай 3 км жерде.

Компанияның жаңа кеніші болып саналады, құрылысы 2015 жылы басталған.

2017 жылғы ақпанда ұңғылау жұмыстарынан алғашқы ілеспе кен өндіру басталды.

2018 жылы Долинный кенішінде алынған алғашқы өнеркәсіптік кен Риддер байыту фабрикасында сәтті өңделді.

2019 жылы негізгі желдету қондырғысы мен бетон-толтыру кешені іске қосылды.

Бұл екі объектінің пайдалануға берілуі – кеніш құрылысындағы маңызды кезеңнің аяқталуы болып табылады.


ТИШИН КЕНІШІ

Орналасуы: Риддер қаласынан сол оңтүстікке шығысқа қарай 15 км қашықтықта орналасқан.

Металдар құрамы: мырыш – 5,3%, мыс және қорғасын – 1%.

Қазақстандағы негізгі кен жұмыстарын өздігінен жүретін шахта машиналарымен жүргізуге арналған жабдықтармен жарақтандырылған алғашқы кеніш болды.

Онда толтыру жұмыстарында түйіршіктелген қожды (қождан – өндіріс қалдықтарынан пайда болған материал) ультраұсақ ұнтақтаудың жаңа әрі тиімді технологиясы игеріліп, өндіріске енгізілді.


РИДДЕР БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫ

Онда Тишин, Шубинск және Риддер-Сокольный кеніштерінің кендері және Старый қалдық қоймасының құрамында алтын бар қалдықтары қайтадан өңделеді.

Қайтадан өңделетін шикізат түрлері әртүрлі болғандықтан, жұмыста бірнеше әртүрлі технологиялық тәсім қолданылады.

Фабрика өнімі – металдар концентраттары болып табылады, олар әрі қарай өңдеу үшін Компанияның Өскемен және Риддер металлургия кешендеріне жіберіледі.