hero-bg

Риддер байыту фабрикасы Риддер байыту фабрикасы

Онда Тишин, Шубинск және Риддер-Сокольный кеніштерінің кендері және Старый қалдық қоймасының құрамында алтын бар қалдықтары қайтадан өңделеді.

Қайтадан өңделетін шикізат түрлері әртүрлі болғандықтан, жұмыста бірнеше әртүрлі технологиялық тәсім қолданылады.

Фабрика өнімі – металдар концентраттары болып табылады, олар әрі қарай өңдеу үшін Компанияның Өскемен және Риддер металлургия кешендеріне жіберіледі.