hero-bg

«Алтай» КБК-нің байыту фабрикасы «Алтай» КБК-нің байыту фабрикасы

Онда Малеев кен орнының полиметалл және мыс-мырыш кендері, сондай-ақ мыс қождары мен мырыш өндірісінің клинкері қайтадан өңделеді. Содан кейін құрамында мырыш, қорғасын, мыс және алтын бар концентраттар Өскемен металлургия кешеніне жеткізіледі.

2019 жылы байыту фабрикасының ұнтақтау және флотациялау учаскесінде жабдықтарды жаңғырту жүргізілді.

Outotec фирмасының жаңа флотомашиналары автоматтандырылған, ол ұнтақтау үдерісін ұлғайтуға және өндіріс қалдықтарын (байыту қалдықтарын) азайтуға мүмкіндік берді.