Бөлімшенің негізгі қызметі: жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектерден бастап, ірі көлемді бірегей механизмдер мен агрегаттарға дейінгі өнеркәсіптік өнімдер шығару.
«Казцинкмаша» мамандары флотациялық машиналар, шарлы және стерженьді диірмендер, конусты ұсақтағыштар, керамикалық сүзгілер мен ультраұсақ ұнтақтағыш диірмендер сияқты күрделі техникалар дайындайды.
Бұл бөлімшенің қызметкерлері сондай-ақ кен өндіру жабдықтарын жөндейді.
Өнеркәсіптік кешен Чехияның, Германияның, Францияның, Жапонияның және Бразилияның жетекші өндірушілерінің жабдықтарымен жарақталған.
«Казцинкмаш» бұрынғы кеңес одағы кеңістігінде және Европада бірінші болып ультраұсақ ұнтақтағыш диірменін жасап шығарды. Ол көптеген параметрлері бойынша әлемдік ұқсас жабдықтардан озық тұр. Ұнтақтау 10 микронға дейін жетеді.