Бөлімшенің негізгі міндеті: жерасты және жерүсті кен орындары объектілерін салу.
«Казцинк-Шахтостроя» мамандары кен-күрделі, геологиялық барлау, кен-дайындық, монтаждау және электржөндеу жұмыстарының барлық түрлерін орындайды.
«Казцинк-Шахтостроя» мамандары Долинный кенішін салу барысындағы жұмыста ұңғы бұрғылаудың жару жұмыстарынсыз жүргізілетін бірегей технологиясын пайдаланды.