Алтай тау-кен байыту кешені Алтай тау-кен байыту кешені

Алтай тау-кен байыту кешеніне мыналар кіреді:

МАЛЕЕВ КЕНІШІ

Орналасуы: Алтай қаласынан шығысқа қарай 18 км қашықтықта орналасқан 

Металдар құрамы: мырыш – 7,5%, мыс – 2,3%, қорғасын – 1,3%, алтын – 0,75 г/т, күміс – 75 г/т.

Компанияның аса ірі жерасты кенішінің құрылысы 2000 жылғы маусымда аяқталды.

2017 жылы Pitram инновациялық жүйесі іске қосылды, ол цифрлы технологиялардың көмегімен бұрынғыдан да қауіпсіз жұмыс жағдайлары мен жоғары еңбек өнімділігі деңгейін қамтамасыз ете отыра, кенішті онлайн режімде басқаруға мүмкіндік береді.

Жұмылдырылған қызметкерлер мен жабдықтарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі – әртүрлі техникалық құралдардың бүтін бір жиынтығы болып табылады.

Оны енгізудегі мақсаттардың бірі – RFID көмегімен жұмылдырылған қызметкерлер мен жабдықтарды бақылау мүмкіндігі.


«АЛТАЙ» КБК-НІҢ БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫ

Онда Малеев кен орнының полиметалл және мыс-мырыш кендері, сондай-ақ мыс қождары мен мырыш өндірісінің клинкері қайтадан өңделеді. Содан кейін құрамында мырыш, қорғасын, мыс және алтын бар концентраттар Өскемен металлургия кешеніне жеткізіледі.

2019 жылы байыту фабрикасының ұнтақтау және флотациялау учаскесінде жабдықтарды жаңғырту жүргізілді.

Outotec фирмасының жаңа флотомашиналары автоматтандырылған, ол ұнтақтау үдерісін ұлғайтуға және өндіріс қалдықтарын (байыту қалдықтарын) азайтуға мүмкіндік берді.