hero-bg

АО «Altyntau Kokshetau» АО «Altyntau Kokshetau»

Орналасуы: Ақмола облысының Зеренді ауданы, Көкшетау қаласынан солтүстікке қарай 17 км жерде

Компанияның алтын өндіру бөлімшесі болып табылады. Өндіру ашық тәсілмен жүргізілуде. Altyntau Kokshetauда жылына орта есеппен 15 тоннаға дейін алтын өндіріледі.

Өнеркәсіптік алаңға алтын кен орны мен 2009 жылы пайдалануға берілген байыту фабрикасы кіреді. Ол Канадада, Австралияда, АҚШ-да, Швецияда, Финляндияда, Германияда, Италияда және Россияда өндірілген ең заманауи, жоғарытехнологиялық жабдықтармен жарақталған.

 «Казцинк» мамандары ашық фабрикада әлемде бірінші рет құрамында күшән өте көп алтын төзімді кенін қауіптілігі бірінші класты қалдықсыз өңдеудің аралас технологиясын жасап, өндіріске енгізді. Кенді ұнтақтау төрт микронға дейін (адамның шашынан да жіңішке) жеткізілді, бұл – әлемдегі ең ұсақ ұнтақтау. 

Фабрика жұмыс істей бастағаннан бергі соңғы сегіз жылда өнім өндіру 2,5 есе, ал металдарды тауарлы айырып алу бестен бірге артып, 2019 жылы 75% пайыз болды.

Байыту нәтижесінде алынатын Доре қорытпасы Өскемен   металлургия кешенінің аффинаж заводына жөнелтіледі.