hero-bg

Завалунов Руслан Севиевич Завалунов Руслан Севиевич

Завалунов Руслан Севиевич

Жобаларды дамыту жөніндегі атқарушы директор

1987 жылы туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Электр энергетикасы», сондай-ақ «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген. «Казцинкте» 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын электрмонтер қызметінен бастап, тораптар мен шағын стансалар бөлімшесінің мастері қызметіне дейін жетті. 2014 жылы «Казцинктің» Ақмола облысындағы алтын кен бөлімшесі «ALTYNTAU KOKSHETAU» қаржы қызметінің бас маманы қызметіне кірісті. 2016 жылы Компания басқармасына Жобаларды қолдау кеңсесінің бас маманы лауазымына ауысты. 2017 жылдан бері Қаржылық бақылау бөлімінде: алдымен бас маман, содан кейін осы Басқарманың бастығы лауазымында жұмыс істеді. 2022 жылғы шілде айынан бастап «Казцинктің» жобаларды дамыту жөніндегі атқарушы директоры болып табылады.