hero-bg

Қуанышев Нариман Раймұханұлы Қуанышев Нариман Раймұханұлы

Қуанышев Нариман Раймұханұлы

Мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі атқарушы директор

1970 жылы туған. Мәскеу болат және қорытпа институтын «инженер-металлург» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999 жылға дейін бірнеше өнеркәсіптік компанияларда жұмыс істеген, 1999 жылы «Казцинкке» Көлік, кедендік ресімдеу және лицензиялау бөлімінің бас маманы болып орналасты. Әрі қарай Көлік басқармасының бастығы және Теміржол кешенінің, кейін қайта құрылған «Казцинк-ТемирТранс» кешеннің директоры лауазымын атқарған. 2011 жылы коммерция жөніндегі Вице-президент болып тағайындалды, ал 2016 жылдан бастап мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі атқарушы директор. «Құрмет» орденімен (орден «Почета») марапатталды.