hero-bg

Тилиляев Дмитрий Сергеевич Тилиляев Дмитрий Сергеевич

Тилиляев Дмитрий Сергеевич

Еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директор

1982 жылы туған. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «Инженер-металлург» мамандығы бойынша тәмамдаған. Екінші жоғары білімін Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университетінде «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша алды. Менеджмент магистрі қосымша біліктілік дәрежесін Әскери-механикалық институт - Д. Устинов атындағы Балтық мемлекеттік техникалық университетінде (Санкт-Петербург) және Nord universitet-те (Норвегия) иеленді.

Қызметін 2002 жылы «Казцинктің» Лениногорск мырыш заводында (қазіргі Риддер металлургия кешені) бастады. Гидрометаллург-аппаратшы және өндірісті дамыту жөніндегі маманнан интеграцияланған менеджмент жүйесі және техникалық бақылау саласындағы басшыға дейінгі еңбек жолын жүріп өтті. Содан кейін бес жыл бойы Риддер металлургия кешені цехтарының бірінің бастығы болып жұмыс істеді.

2015 жылы «Казцинктің» Өскемен металлургиялық кешеніне жұмысқа тұрды, осы кәсіпорында Мыс заводының директоры болды.

2022 жылдан бері еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директор.