Өскемен тұрғындары «Казцинк» металлургия кешеніне экскурсияға барды Өскемен тұрғындары «Казцинк» металлургия кешеніне экскурсияға барды

09.04.2024

Компания қызығушылық танытқан тұрғындарды үнемі өндірісті көруге және өздерін толғандыратын сұрақтарын мамандарға қоюға шақырады. Кезекті «экологиялық экскурсия» (табиғатты қорғау жұмысы туралы әңгімемен) 4 сәуірде ұйымдастырылды.

Қатысушылар өндірістің шығарылған газын қалай тазартатынын көре алды. Келушілерге тазартудың бірнеше кезеңінен кейін тауарлық күкірт қышқылы қалай алынатыны туралы айтылды. Сонымен қатар қонақтар Мырыш заводына барып, мырыш құйымдары өнімдерін көрді.