Вагондардың аударылуы туралы ақпараттық хабарлама Вагондардың аударылуы туралы ақпараттық хабарлама

3 сәуірде Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен-Күмістау учаскесіндегі теміржолда «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк пойызы рельстен шығып кетті. Он сегіз вагонның ішіндегі жетеуі Ертіс өзеніне аударылып түсті. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Вагондардың бірнешеуі «Казцинк-Темір Трансқа» - «Казцинктің» еншілес компаниясына тиесілі. Ол арқылы мыс қожы тасымалданып бара жатқан, оның бір бөлігі көліктік оқиғадан кейін суға түскен.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын «ҚТЖ» ҰК» АҚ зерттеп жатыр. Оқиға орнына «Казцинктің» мамандары шықты. Жағдайды талдайтын арнаулы комиссия құрылды.

«Қожды тасымалдау алдында ол жоғары температурада күйдірілген. Яғни, бұл дегеніміз ондағы металл ерімеген күйде тұрғанын білдіреді. Демек, мұның өзі қоршаған ортаға келтірілуі мүмкін салдарды азайтады», - дейді «Казцинктің» бас экологы Қазтай ТӘКЕЕВ. – «Казцинк» серіктестерімен бірге оқиғаның салдарын жою үшін барлық шараны қабылдайды.