Өскеменде мұқтаж жандарға ыстық түскі астар таратылуда Өскеменде мұқтаж жандарға ыстық түскі астар таратылуда

Өскемендегі Андреевский кафедралды соборында «Қайырымды түскі ас» акциясы қайта басталды. Іс-шараға өңіріміздің ең ірі компаниясы қолдау көрсетті. Өскемендік мұқтаж жандар аптасына үш рет ыстық тағам ланчбокстарын тегін ала алады.

Негізгі қажеттіліктерге мұқтаж жандарға көмектесу идеясы Өскемен және Семей епархиясына тиесілі. Былтырғыдай, аптасыFFна үш рет, собордың кіреберісіндегі дүкеннен қалаған адам түскі ас ала алады. 250 ланчбокстың әрбіреуінің ішінде ет және гарнирмен ыстық тағам, нан, салат, компот немесе шай болады. Діни наным-сеніміне байланыссыз, қиындыққа тап болған кез келген адам қолдауға ие бола алады.