Цифрлы қосар – бағдарламалық ортаға толықтай ауыстырылған жүйе – әлемдегі ең алып Outotec диірмендерінің бірі «Altyntau Kokshetau» АҚ-ның («Казцинктің» Ақмола облысындағы бөлімшесі) алтын айырып алу фабрикасында енгізілді. Жасанды интеллект негізіндегі бағдарламалық жасақтама жабдықтың қалай жұмыс істеп тұрғанын және болуы мүмкін апаттық жағдайларды есептей алады. Оның негізгі арналуы – өндірістің нақты үдерісін және диірмендер жұмысының ауытқуын бақылау. Цифрлы қосар қызметкерлерді болуы мүмкін апатты жағдайдан бірнеше сағат бұрын ескертуге қабілетті.
Бүгінгі күні бұл бірегей жүйе функционалдық сынақтама режімінде алтын айырып алу фабрикасыналтын айырып алу фабрикасының негізгі екі диірменінде істеп тұр. Қазан айының соңында оны өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру жыл соңында аяқталмақ. Цифрлы қосарларды компанияның басқа негізгі жабдығына тираждау қарастырылуда.