Өскемендік жоғары сынып оқушылары NASA іс-шарасына бара алады Өскемендік жоғары сынып оқушылары NASA іс-шарасына бара алады

17.10.2024

ШҚО облыс орталығында NASA International Space Apps Challenge өңірлік кезеңі өтті. Іс-шараның демеушісі «Казцинк» компаниясы болды.

АҚШ Ұлттық ғарыш басқармасы жыл сайын белгілі бір міндеттерді шешу үшін арнайы хакатон – жарыс өткізіп тұрады. Өскеменде 105 жоғары сынып оқушылары 48 сағаттық жарысқа қатысты. Командалар NASA-ның ашық деректері негізінде IT-өнімдердің көрнекі нұсқасын жасауы керек еді. Қатысушылар ғарыштық тақырыпқа сайттардың, ойындардың, 3D модельдердің жеке нұсқаларын ұсынды.

Өңірлік кезеңнің көшбасшылары халықаралық іріктеуге қатыса алады. Оның қорытындысы бойынша үздік 10 команда Нью-Йорктегі NASA Space Apps бас кеңсесіне шақырылатын болады.